
Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері Сиань қаласынан келген кеден қызметінің делегациясымен (ҚХР) кездесті. Оның барысында кедендік әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен трансшекаралық сауданың өзекті мәселелері талқыланды.
Келіссөздердің барысында тараптар кеден рәсімдерінің тиімділігін арттыру, жүктерді жедел рәсімдеу жолдарын, сондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті күшейту жөніндегі шараларды пысықтады. Екі жақтың өкілдері осы бағыттағы озық тәжірибемен және тың шешімдермен бөлісті.
Сонымен қатар кездесуде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат екі елдің ведомстволары арасындағы серіктестікті дамытуға жол ашып, кедендік рәсімдерді жеңілдету мен халықаралық саудаға жайлы жағдайлар жасауға оң әсер береді.
Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар өзара байланысты күшейтуге және кедендік әкімшілендіру саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/973128?lang=kk

Жауап қалдыру