Ақмола облысында «AntiParaCraft» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойынының бесінші маусымының финалы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында «AntiParaCraft» Республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының бесінші маусымының финалы өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова, жастар ресурстық орталығы мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламалары студенттерінің командалары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін шешуге дайындық пен қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті, командалар визит карточкаларын ұсынды, ал капитандар өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларын қорғады.

«Студенттер – денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс және құқықтану саласындағы болашақ мамандар сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік маңызы бар салалар үшін жағымсыз салдарын терең түсініп, көрсете алды» – деп атап өтті Сағыныш Аяғанова.

Ойын қорытындысы бойынша қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталған «ПАРАЦЕЛЬС» Көкшетау жоғары медициналық колледжі студенттерінің командасы үздік атанды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/971571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді