Ақмолалық мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері «Ханталапай» ұлттық ойындар байқауына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын

– Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы

– Есіл ауданы, Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжай – бақшасы

-II орын

– Жақсы ауданы, Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

– II орын – Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақшасы

-III-орын

– Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының «Акбота» бөбекжайы

Сонымен қатар номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

– «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» – (команда) Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы

– «Белсенді ойыншылар» (команда) -Атбасар ауданы, Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы

-«Үздік ойын алаңы» – Көкшетау қаласының «Арай» бөбекжайы

Жеңімпаздар және қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының дипломдарымен, грамоталармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/972520?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді