Ақтауда «Түркі биінің ырғағы» халықаралық би фестивалінің салтанатты ашылуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылы аясында өткен «Түркі биінің ырғағы» халықаралық би фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Кеште Қазақстандағы тұңғыш көпұлттық «Бірлік» ән және би ансамблі өнер көрсетті. Аталған ансамбльдің көркемдік жетекшісі – халықаралық байқаулардың лауреаты Анель Марабаева.

Салтанатты кешке МО әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ ұйымының режиссеры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арман Нұрмұхамедұлы, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, балетмейстер Талант Осмонов және өзге де құрметті қонақтар қатысты. Осы орайда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтап, сөз сөйледі.

— Құрметті өнерпаздар мен қатысушылар сіздерді халықаралық би фестивалінің салтанатты ашылуымен құттықтаймын! Бұл фестиваль – бізге бірігуге, тәжірибе мен шабыт алмасуға берілген тамаша мүмкіндік. Қазір дәл осы кеште өз ісінің үздік мамандары мен өнер сүйер қауым, кәсіби бишілер мен өнердің шынайы жанашырлары жиналған. Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін,- деді Сұлтан Раев.

Сондай-ақ, өңір басшысы атынан Анель Марабаеваға ықылас гүлі табысталды. Шарада МО әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құттықтау сөз сөйледі.

– «Ақтау –Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жобасы аясында осы киелі мекенде ұйымдастырылып отырған «Түркі биінің ырғағы» халықаралық би фестиваліне қош келдіңіздер! Фестивальдің басты мақсаты — ұлттық би өнерін халықаралық деңгейде насихаттау, түркітілдес елдер арасындағы мәдени-шығармашылық байланысты арттыру. Шараға қатысатын өнерпаздар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, жаңа шығармашылық табыстарға жетеді деп сенеміз. Екі күнге созылатын фестиваль ұлттық биіміздің ғажайып қырларын ашумен қатар, әр халықтың болмысын, дәстүрін, рухын сезуге мүмкіндік береді. Таным мен тәжірибе, рух пен өнер тоғысатын алаңда өнер көрсететін барлық шығармашылық ұжымдарға сәттілік тілеймін,- деді Тілеген Әбішев.

Кеш соңында «Бірлік» ән және би ансамбльдің көркемдік жетекшісі – халықаралық байқаулардың лауреаты Анель Марабаевамен бірге көрермендер мен өнерпаздар «Қара жорға» қазақ биін билеп, бірлік пен ынтымақтастықты көрсетті.

Сондай-ақ, іс-шарада облыс өнерпаздары көрермендерге ән шашуын шашты. Айта кетейік, фестивальге 9 би ансамбльі қатысады.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/972003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді