Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Қобда ауданы әкімдігінде халық арасында бруцеллез ауруы бойынша насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы семинар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, ветеринариялық қызмет өкілдері, шаруашылық иелері және «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС-нің филиалы «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасы» меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Қанатбаев Серік Ғаниұлы қатысып, «Жануарлардың бруцеллез ауруына қарсы күрес шаралары туралы» баяндамасын оқыды.
Жиналыстың басты мақсаты — аудан аумағындағы бруцеллез ауруының алдын алу, мал арасында аурудың таралуын болдырмау және тұрғындардың денсаулығын қорғау шараларын күшейту.
Жиналыс барысында мал иелеріне бруцеллездің қауіптілігі мен оның адам денсаулығына тигізетін әсері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, профилактикалық вакцинациялау, уақытылы қан алу және ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/973698?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді