Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 3-4 сәуірде Астана қаласында Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Басты тақырып – мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі.
Бұл маңызды отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәслихат өкілдері, оның ішінде Семей қаласы мәслихатының төрағасы Айболат Бекжасаров қатысты.
Отырысқа қатысушылар мәслихаттардың тарихи жолын, ағымдағы міндеттері мен даму перспективаларын, сондай-ақ атқарушы билікпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті жерлерде мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/971147?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді