Астанада Ақбұлақ өзенінің түбін тереңдету жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаланың су нысандарының санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар аясында 2024 жылы Ақбұлақ өзенінде түбін тазарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс «Сәтбаев» көпірінен «Тәуелсіздік» көпіріне дейінгі аралықта орындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта Ақбұлақ өзенінің түбін тазарту барысында түбіндегі 85 мың текше метр шөгінді жиналып, оның 73 мың текше метрі шығарылды. Бұл жұмысқа 40-тан астам адам қатысты.

Түбін тазарту жұмысын жүргізудің мақсаты – Ақбұлақ ағынының түбін тұнба шөгінділерінен тазарту, бұл су айдынының санитарлық-техникалық және эпидемиологиялық жағдайын жақсартуға, судың сапасын арттыруға, сондай-ақ оның экологиялық балансын, флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге ықпал етеді.

Күтілетін нәтиже – судың түбін тұнба шөгінділерінен толық тазарту, оның тереңдігі мен өткізу жылдамдығын арттыру. Бұл жалпы су нысанының жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/973751?lang=kk