
«Тәуелсіз өмір» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Мектеп оқушыларының ағзасына есірткінің және ойынқұмарлықтың кері әсері» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға ата-аналар комитеті мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, жетекші мамандар қатысты.
Қатысушылар арнайы мамандармен ашық сұхбат құрып, маңызды ұсыныстарын жеткізді. Жоба аясында түсіндіру жұмыстарын кеңейту және ата-аналарға арналған тренингтерді жиі өткізу қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ жиында есірткі мен психоактивті заттардың жасөспірім ағзасына әсері, лудомания мәселесінің алдын алу жолдары және ата-ана мен мектептің бірлескен іс-қимылы туралы мәселелер талқыланды.
Еске салайық, наурыз айынан бастап Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қоры «Тәуелсіз өмір» жобасын іске асыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/974595?lang=kk

Жауап қалдыру