АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінде өткен кезекті аппараттық жиналыста бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, көктемгі егіс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, «Тaзa Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар да күн тәртібінде болды. Биылғы көктемгі екі айлық сенбілік апталарға бөлініп, әр аптаға арнайы атау берілді. Бұл шара халықты аталған акция аясындағы жұмыстарға белсенді қатысуға тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, «ТazaQazBot» чат-ботының іске қосылғаны еске салынды. Бұл чат-бот арқылы кез келген тұрғын өз елді мекенінде анықталған ластану деректері бойынша өтініш бере алады.

Жиында аудандағы инвестициялық жобаларды дамыту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері де қозғалды.

Аудан әкімі ішкі саясат саласына ерекше назар аударып, халықты аудан көлемінде өткізілетін және өткізілген іс-шаралар туралы дер кезінде хабардар ету керектігін атап өтті. Осы орайда ішкі саясат бөліміне бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сонымен бірге, аудан басшысы көктемгі су тасқыны кезеңінде атқарылған жұмыстар үшін ауыл, ауылдық округтер мен кент әкімдеріне алғыс білдіріп, облыс бойынша су тасқыны қаупі толық жойылғанға дейін ауданның күшейтілген режимде жұмысын жалғастыратынын ескертті.

Жиын соңында аудан әкімі «Тaзa Қазақстан» акциясы аясында белсенді жұмыс жүргізуді және әлеуметтік желілерде халықты кеңінен хабардар етуді тапсырды. Бұл акция тек мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға емес, бүкіл аудан тұрғындарына табиғатты қорғау мен өз ортақ үйіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/972181?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді