АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімінің аппараты ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өтті. Қабылдау барысында тұрғындар жер пайдалану және тұрғын үй шаруашылығы саласына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі қойылған әрбір сұраққа мұқият көңіл бөліп, көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға алды. Тиісті бөлім басшыларына азаматтар тарапынан айтылған өтініштер мен мәселелерді қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

Қабылдау ашық диалог форматында өтті, тұрғындарға нақты жауаптар беріліп, кейбір мәселелер бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әр апта cайын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын-ала жазылу арқылы қабылдайтынын еске саламыз.

Қабылдауға 8 (721-44) 21-7-21 нөмірі бойынша жазылып, толығырақ ақпарат алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/972201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді