
Аудан әкімі Р.Т.Құрмамбаевтың төрағалығымен «Бұқтырма цемент компаниясы» (БЦК) ЖШС ғимаратында жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өткен штаб отырысына мәслихат депутаттары Л.А.Гречушникова мен Б.Б.Бекбусинов қатысты.
Барлық жұмыстан босатылған қызметкерлер үшін Отбасылық карталар құрастырылды, ЦКБ-да жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғау және жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу үшін штаб дайындалды, аудандағы бос жұмыс орындары, оның ішінде Электрондық еңбек биржасынан жұмысшыларға ұсынылатынына талдау жасалды. Жеке әңгіме өткізіліп, оның барысында халықтың жұмыспен қамту саласындағы құқықтары, оның ішінде жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдерді алу, кеңес беру және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, еңбек делдалдығы және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/971938?lang=kk

Жауап қалдыру