
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде жұмыс тобының жетекшісі Е. Андрух ауданның жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын өткізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралғанға дейін Аршалы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Балташев Қоғамдық кеңеске құттықтау сөзін айтты.
Өткізілген отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрайымы болып Анюхина Альбина Николаевна сайланды. Сондай-ақ, экология және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құрамы айқындалды, комиссиялардың төрағалары, Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланды, сондай-ақ Аршалы ауданының қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілді.
Экология жөніндегі комиссия: Ким Самал Маратқызы (комиссия төрайымы), Мамбетов Талғат Жаңабергенұлы, Пурлис Светлана Ионасовна.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия: Гүлнара Сафиолқызы Оралқанова (комиссия төрайымы), Сүйіндік Амангелдіұлы Тыштыбаев, Алмаз Айтқалиұлы Енсебаев.
Төралқа құрамы: Анюхина А. Н., Ким С. М., Оралқанова Г.С., Мамбетов Т.Ж., Сабиржанов М. Б.
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде мәслихаттың төрағасы Ә. Балташев пен аудан әкімі Д. Есжанов атқарылған жұмыстар үшін Қоғамдық кеңестің бұрынғы құрамына алғыс айтып, қоғамдық қызметте табыстар тілеп, алғыс хаттар табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/972606?lang=kk

Жауап қалдыру