Ауылдық учаскелік инспекторлар қалалық жағдайда біліктіліктерін арттырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Профилактика жылы деп жариялады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бастамасымен ауылдық учаскелік полиция инспекторлары үшін бір апталық біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Оған әрбір 13 аудандық полиция бөлімінен бір қызметкерден қатысты.

Күннің бірінші жартысында теориялық сабақтар өтті. Бейінді қызметтердің тәжірибелі қызметкерлері киберқауіптің жаңа схемалары, есірткінің таралуы, буллинг сияқты қазіргі заманғы сын-қатерлер туралы айтып, заңнамадағы өзгерістер мен нормативтік құжаттардың қолданылуын түсіндірді.

Одан кейін облыс орталығының көшелеріне шығып, қалалық әріптестермен бірлесіп жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты, мектептерге барды, халықпен кездесті. Сағат 18.00-ден бастап – есепте тұрған адамдардың мекенжайларына барды. Мұнда профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді, заңнама түсіндірілді, азаматтардың қоңырауларына ден қойылып, тиісті шаралар қабылданды.

Ауылды жермен салыстырғанда қаладағы жұмыс қарқынды әрі жылдам жүргізілуі қажет. Қаладағы әкімшілік учаскені тәртіп сақшысы 10 минут ішінде жаяу жүріп өтсе, ауылды жерде бұған әлдеқайда көп уақыт кетеді. Өйткені елді мекендер бір-бірінен алшақ орналасқан. Көбінесе ауылдық округте қанша адам тұрса, солардың барлығы қаладағы әкімшілік учаскеде тұрады. Қаладағы учаскелік инспектор тынымсыз жұмыс істейді, сондықтан бұл – ауылдық жерлердегі полицейлер үшін жақсы тәжирібе болып табылады.

Курстан өткен барлық қызметкерлер сертификаттар алды. Бүгінгі таңда СҚО аудандарында екі жүзге жуық учаскелік инспектор қызмет атқарады. Осындай жиындарға олардың әрқайсысын тарту жоспарланып отыр. Мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асыру кәсіби дағдыларды нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/971663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді