Бәрі – баланың бақыты үшін!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бәрі – баланың бақыты үшін!
2025 жылдың 4 сәуірінде «Ер Төстік» бөбекжайында қалалық мобильдік топ мүшелері мен «Балақай» бөбекжайы КМҚК құзыреттілік орталығының педагогтарының қатысуымен «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыру» тақырыбында мазмұнды облыстық семинар өтті.
Семинар барысында педагогтар мен мамандар инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасудың тиімді түрлерін ұсынды. Түзету сабақтары, моториканы дамытуға арналған жаттығулар, ерекше балаларды қолдауға бағытталған шығармашылық жұмыстар мен шеберлік сыныптары көрсетілді. Көрсетілген іс-тәжірибелер әр баланың әлеуетін ашуға деген ұмтылыстан туындаған шынайы еңбекке айналды.
Бұл семинар кәсіби тәжірибе алаңы ғана емес, жүрекпен сезініп, жанашырлықпен әрекет ететін мамандардың шынайы кездесу алаңына айналды. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, зор ризашылықтарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash/press/news/details/973770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді