«Бір пара-екі қылмыскер» сурет байқауы 6-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бір пара-екі қылмыскер» сурет байқауы 6-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Бұл байқау мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруға және оларды құқықтық мәдениетке тәрбиелеуге бағытталған шара болып табылады.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақты сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері мен оның қоғамға, мемлекетке тигізетін теріс салдарлары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері мен оның қауіптілігін бейнелейтін суреттер салып, өз ойларын көркем тілде жеткізді. Байқаудың нәтижесінде үздік жұмыстар таңдалып, жеңімпаздарға дипломдар  табыс етілді.

Бұл іс-шара балалардың құқықтық санасын қалыптастыруға, қоғамдағы әділеттілік пен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлкен септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/971745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді