Бірінші тоқсанның қорытындысы: Көліктегі ПД-да жұмыс нәтижелері шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көліктегі полиция департаментінде 2025 жылғы I тоқсандағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Оған Департамент басшылығы мен аппарат қызметтерінің бастықтары қатысты, ал желілік бөліністердің басшылары мен жеке құрамы онлайн-форматта қосылды

Кеңес барысында қызметтің басым бағыттары қаралды, атап айтқанда, әуе және теміржол көлігі объектілерінде құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және полицияның қоғаммен өзара ықпалдастықтың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Көліктегі ПД бастығы Айдос Рысбаев өз сөзінде Ел Президентінің «Заң және тәртіп», жазаның бұлтартпастығы мен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жандандыру, жедел жағдайдың жай-күйіне тұрақты бақылау жасау жөніндегі негізгі міндеттерін тілге тиек етті.

Кеңесте бірқатар желілік бөлім басшыларының есептері тыңдалды. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері Департаменттің қызмет көрсету учаскесінде барлығы 475 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, олардың ашылуы 74,7% құрады. Сонымен қатар, өткен кезеңде көлік полицейлері 23 000-нан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ, басқосуда кадр саясатын және қызметтік-жауынгерлік даярлық деңгейін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, жеке құрам қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға баса назар аударылды.

Кеңесті қорытындылай келе, А. Рысбаев кейбір кемшіліктерді белгілеп, басшылардың алдына Департаменттің қызмет көрсету учаскелерінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер қойды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/974895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді