
А.ж. 8 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтауға бағытталған ұсынымдарды іске асыру нәтижелерін талқылау мақсатында кеңес өткізді.
Іс-шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов, сондай-ақ облыс қалаларының балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары мен бухгалтерлері қатысты.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар Департамент тарапынан берілген 25 ұсыныстың 24-ін орындаған.
Мысалы, 2019 жылдың 20 наурызындағы №3 шартқа сәйкес, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 179/5 мекенжайында орналасқан стадион ғимараты мен футбол алаңы ЖШС-ке сенімгерлік басқаруға берілді. Алайда, бұл басқару бюджеттік қаржыландырусыз жүзеге асырылды.
Төрт жыл бойы аталған серіктестік объектіде ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізбеген, нәтижесінде сенімгерлік басқару шартындағы талаптар бұзылды.
Осы жағдайға байланысты, шарттық міндеттемелердің орындалмауы және бюджет қаражатын негізсіз бөлу тәуекелдерін болдырмау мақсатында Департаменттің ұсынымы мен сот шешімі негізінде стадион мен ғимарат мемлекетке қайтарылды.
Ал басым спорт түрлерінің тізбесін қайта қарау бойынша ұсыныс әлі де орындалу үстінде. Ұсынымдардың орындалу мониторингі жалғасуда.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/972437?lang=kk

Жауап қалдыру