
Солоновка ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу тәртібі түсіндірілді!
Бұл шара азаматтардың сыбайлас жемқорлықпен күреске қосқан үлесін бағалау мақсатында іске асырылып жатыр.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарға, грамотамен марапаттау алғыс жариялау арқылы, біржолғы ақшалай сыйақы формасында жүзеге асырылатын көтермелеулер белгіленеді.
Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-solonov/press/news/details/970555?lang=kk

Жауап қалдыру