
ДЕПАРТАМЕНТ: БАСТЫ МАҚСАТ – ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2025 жылдың 4 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Туленов Мұхтар Өтегенұлы Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі квартал 057 мекен-жайында орналасқан “Бирлик-4” ЖШС -де еңбек қызметіне байланысты орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру тағайындалған актісі бойынша тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы “Бирлик-4” ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырып, орын алған жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі атқарылуы тиіс іс-шараларды түсіндіру мақсатында ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі, еңбек шарттары, ұжымдық шарттың орындалу тәртібі бойынша түсіндірілді. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбек саласындағы міндеттері мен құқықтары туралы да тарқатып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973095?lang=kk

Жауап қалдыру