Диас Байдулаев Белградтағы халықаралық таеквондо турнирінің чемпионы атанды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5-6 сәуірде Белградта (Сербия) кадеттер мен жастар арасында Serbia Open G1 халықаралық жарысы өтті. Жарысқа 800-ден астам спортшы қатысып, 30-ға жуық елдің өкілдері бақ сынады. Бұл турнир әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға өз шеберліктерін көрсетіп, халықаралық аренада бағын сынауға мүмкіндік берді.

Кадеттер арасындағы бәсекеде 33 келіде, Алматы қаласының дарынды спортшысы Диас Байдулаев чемпион атанды. Бұл жеңіс оның спорттағы келешегі үшін маңызды қадам болып табылады. Біз оның жеңісіне мақтанамыз және алдағы жарыстарда жоғары нәтижелерге жетуіне тілектеспіз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-sports/press/news/details/970842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді