
2025 жылғы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығында «Еңбек құқықтарын қорғау: құзыреттер, тәжірибе, өзара іс-қимыл» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға СҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, мемлекеттік органдардың және облыстың кәсіподақ қозғалысының өкілдері қатысты. Аудан кәсіподақтарының үйлестіру кеңестерінің төрағалары онлайн форматта қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Мирас Сабағанов еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау туралы сөз сөйледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/972140?lang=kk

Жауап қалдыру