
Бүгін 2025 жылдың 5 сәуірінде Ақмола облысының әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Көкшетау қаласының “ТӘУЕЛСІЗДІК” алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Көкшетау қаласы мен қала маңындағы тұрғындар үшін Аршалы, Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсын, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарынан, сондай-ақ Көкшетау және Қосшы қалаларынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өздерінің өндірілген және өсірілген экологиялық-таза өнімдерін, атап айтқанда ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, құс еті), шұжық өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, картоп, ұн, балық, жұмыртқа, көкөністер және басқа да өнімдерді сатуға әкелді.
Сондай-ақ, “КОКЅҺЕ ӘКК ҰК” АҚ тұрақтандыру қорынан: сиыр еті, 1 сортты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, картоп, қырыққабат, сәбіз өнімдері сатылымға ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/970679?lang=kk

Жауап қалдыру