Еріктілер ауқымды шара өтіп жатқан теңіз жағалауын тазалап жүр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының еріктілері «Таза Қазақстан» акциясы аясында халықаралық іс-шарада теңіз жағалауын қоқыстан тазартты.

100-ге жуық ерікті өзінің атқаратын жұмысынан бөлек, тұрғындар мен келген қонақтарды тазалыққа шақыруда. Олар теңіз жағалауындағы ауқымды іс-шара басталғаннан қызмет атқарып келеді.

-Қаламыз үшін маңызды іс-шарада алыс, жақыннан қонақтар келетіні белгілі. Адам көбейген жерде қоқыс саны артып, теңіз жағалауы лезде ластанып жатады. Қонақтарды күтіп алу, көмек көрсетуден бөлек, үздіксіз тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы арқылы коммуналдық қызмет мамандарына қол ұшымызды создық. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырамыз! – деді ерікті Ислам Тілепов.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/971617?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді