КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №5 ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

90 жылдық тарихы бар Кентау қалалық №5 «Жылу энерго орталығы»МКК 2024-2025 жылдағы жылу маусымын сапалы атқарып, 4-ші сәуір күні жылуды тоқтатты. Үздіксіз жұмыс жасаған мекеме, жылу маусымын сәтті аяқтауға тынымсыз еңбек еткен жұмысшыларға Наурыз мерекесін атап өтті.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов Жылу энерго орталығының қызметкерлері мен жұмысшыларын жылу маусымын сапалы, әрі сәтті аяқтауымен құттықтап, жыл басы саналатын наурыз берекесінде жақсы ниеттерін тіледі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау қаласын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қаласы ЖЭО-ның «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, жылу көздерін жаңғыртуға қаржы қаралып құрылыс жұмыстары жүргізілді. Станция 1934 жылы құрылған. Оның қондырғылары 1954 жылы орнатылған. Соңғы күрделі құрылыс жұмыстары 2012 жылы жүргізілген. Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп қаланы толық сапалы жылумен қамтып шықты.

Жалпы қаладағы 14 мыңға жуық абонент орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2 мыңнан астам жеке сектордағы тұрғын үй, 347 көпқабатты тұрғын үй және 441 коммерциялық нысан бар.

Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиында мекеменің қызметкерлері әсем әуендер шырқап, бишілер түрлі өнерлерін ортаға салып мерекелік көңіл күй тарту етті. Жұмысшыларға ақдастархан жайылып, ұлттық тағамдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді