КЕНТАУДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АЙНАЛМА ЖОЛДАРҒА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қалаішілік жолдардың техникалық жағдайын қанағаттанарлық деңгейде ұстау, өндірістік зауыттарға қатынайтын ауыр жүк көліктерін қаланың шеткі бөлігіндегі жолдармен бағыттау жоспарланған болатын.

Осыған байланысты қазіргі таңда Бала Бүргем айналма жолында орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жүргізіліп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығы — 1,4 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары 10 сәуірге дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Аталған шаралар қалаішілік жолдардың жүктемесін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді