
Ресей мемлекеті, Мәскеу қаласында каратэ Шотоканнан әлем кубогы өтті. Әлем кубогына бірқатар елдер, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Армения, Иран, Түркия, Израиль, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты жалпы 15 елден 300-ден астам спортшы бақ сынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшелері болған кентаулық спортшылар Нариман Бақытбеков, Рауан Бақытбеков, Ильгиз Ғамурзақов, Елнұр Ахмадуллин және Асадбек Джумадуллаев командалық және жекелей ката, санбон, нихон, кумитэ, командалық кумитэ және фукуго техникалары бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
Олар 8 алтын, 8 күміс және 6 қола медальді иеленіп, ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды көкте желбіретті.
Айта кетейік, қазіргі таңда спортшылар ҚР Ұлттық каратэ Шотокан федерациясының мүшелері және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жоғары спорт түрлері мектебінде жаттығады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/973343?lang=kk

Жауап қалдыру