КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға азаматтар қозғаған мәселелерге жауапты әкім орынбасары мен дербес бөлім басшылары ауыл округ әкімдері қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй кезегі, жеке тұрғын үй құрылысына жер алу, суармалы жерді заңдастыру, әлеуметтік көмек алу мәселелерін көтерді. Ауданда тұрғын үй мұқтаждығын шешуге бағытталған шаралар оң нәтиже беріп, жаңа мөлтекауданнан пәтер беріле бастағанынын хабардар тұрғындардың басым бөлігінің өтініш-сұранысы тұрғын үй кезегі төңірегінде болды.
Аудан басшысы азаматтардың баспанаға қол жеткізуіне заң шеңберінде мүмкіндігінше қолдау жасайтынын айтып, жауапты мамандарға тұрғын үйлердің өз заңдылығымен, әлеуметтік санаттар бойынша бірыңғай электрондық кезекпен берілуінің мән-жайын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға көмек көрсетуді тапсырды.
Аудан басшысы азаматтардың өзге де арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелердің шешілуіне барынша ықпал жасайтынын, тұрақты бақылауға алатынын жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/974218?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді