Көлсай көлі маңындағы қауіпті учаскені визуалды тексеру жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 сәуірде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Д.С. Азматов, «Қазселезащита» мемлекеттік мекемесінің филиалы  ІААТПБ басшысы Д.Т. Жолдасбеков және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Кеген ауданы, Көлсай көлі маңындағы төрт сырғымадағы қауіпті учаскені визуалды тексеру жүргізді.

Тексеру барысында аталған учаскелердің жағдайы тексеріліп, жартастар мен жағалаулардағы өзгерістер бағаланды. Әсіресе ауа райы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша учаскелердегі жағдай тұрақты, қауіпсіздікке қатысты қауіптер анықталған жоқ. Дегенмен, ағымдағы жағдайды сақтау үшін мүмкін болатын қауіптерді алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар жасалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті аумақтың жағдайын бақылау, жағалауларды күшейту және жартастардың тұрақтылығын сақтау мақсатында профилактикалық шаралар аясында жалғасады. ТЖД қызметкерлері жергілікті билікпен бірге тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Көлсай көлі маңындағы табиғи ортаны сақтау мақсатында жұмыстарын жалғастырады.

Алматы облысының ТЖД 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/974293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді