
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды.
Сөз басында ол Қазақстандағы конституциялық әділеттің даму тарихына шолу жасап, конституциялық бақылау органының отандық үлгісінің ерекшеліктері мен Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.
Тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырған Конституциялық Соттың бірқатар шешімдеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, судья Конституциялық Соттың мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесіне қатысты нормативтік қаулыларына және ішкі істер органдарының қызметіне қатысты шешімдерге жеке тоқталды.
Дәріс Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971759?lang=kk

Жауап қалдыру