Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету – құқықтық мемлекетті нығайтудың кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz  

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Конституциялық Сот судьяларының қатысуымен диалогтық кездесу өтті. Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесуді ашқан Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев прокуратура органдары мен Конституциялық Соттың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық Сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, прокуратура тарапынан конституциялық іс жүргізулерге тұрақты түрде қорытындылар беріліп, ондаған оқыту шаралары өткізілген және мемлекеттік органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізілген.  

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде конституциялық заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Конституциялық Соттың рөлін ерекше атап өтті. Ол сот және білім беру ортасының арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық Соттың кәсіби әрі ғылыми ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді. 

Академия ректоры Марат Сексембаев кездесуге қатысушыларға Академияның негізгі қызмет бағыттары мен нәтижелерін таныстырып, болашақ қызметкерлерге арналған бастапқы кәсіби даярлау жүйесі туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қызметтегі мамандардың біліктілігін арттыру, магистратура және докторантура бағдарламаларын дамыту, халықаралық ынтымақтастық мәселелері де қамтылды. Жоғары оқу орнының басшысы Академияда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды.

Конституциялық Сот судьясы Роман Подопригора Соттың жекелеген шешімдерін қолдану тәжірибесі туралы баяндама жасады, ал Сот Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров қорытынды қаулыларды іске асыру тетіктері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы айтып берді. 

Шара барысында Конституциялық Соттың судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Оңғарбаевқа Академияның ғылыми-білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Құқық қорғау органдары академиясының Құрметті профессоры атағы берілді.

Кездесу соңында қонақтар Академияның оқу базасымен танысып, Академия тыңдаушылары үшін қонақ дәрістер циклін өткізу және Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының орындалуын қадағалау бойынша прокурорларға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізді. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/970566?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді