КС Аппараты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотта Аппарат қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Шараны Әдеп жөніндегі уәкіл Салтанат Нұрымбетова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жазира Жылқышиевамен бірлесіп ұйымдастырды. Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларға арналды.

Шара барысында қатысушыларға Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаттары мен шараларын реттейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның басты ережелері еске салынды. Сонымен қатар 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды.

Сондай-ақ, семинарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға арналған ішкі талдау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысы және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне әсері талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/974741?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді