
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ерлік көрсеткен қаһармандарды еске алып, жастар арасында патриоттықты арттыру мақсатында «Мәңгілік естелік» тақырыбындағы патриоттық әндер кеші өтті.
Шараға өңірдің белсенді жастары, еріктілер және танымал өнерпаздар қатысты.
Кеш барысында соғыс жылдарының ауыр кезеңін бейнелейтін патриоттық әндер шырқалды. Оқушылар мен өнерпаздар майдангерлерге арналған әндерді орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әндердің әрқайсысы жауынгерлердің ерлігін, елге деген сүйіспеншілігін сезіндіруге бағытталды.
Іс-шарада «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Қазақ елі», «Менің Қазақстаным», «Отан Ана» әндері орындалып, қазақтың ұлттық домбырасы күмбірледі. Көрермендер арасынан өнер көрсеткендер де болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/974716?lang=kk

Жауап қалдыру