Мажарстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Будапешт, 2025 жылғы 7 сәуір – 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспарының аясында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанды фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 80 жылдығына орай соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Будапешттің «Szabadság» (Азат) алаңында Кеңес әскерлерінің құрметіне орналасқан мемориалда өткен іс-шараға Мажарстанда аккредиттелген Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Елшілері мен өкілдері қатысып, фашистік басқыншылыққа қарсы күресте ерлікпен қаза тапқан Кеңес жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шара жалғасы ретінде Ресей мәдени орталығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени министрліктерінің архивтік материалдарынан жинақталған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме аясында Әскери-мемориалдық мәселелер бойынша Елшіліктер арасында өзара іс-қимыл меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум Мажарстанда қаза тапқан жауынгерлерінің бейіттерін сақтау, қорғау және белгісіз жауынгерлерді іздестіру сынды өзара ортақ іс-шараларды көздейді.

Сонымен қатар, елшілер мәдени орталығының 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мұрагерлеріне арналған «Жеңістің  80 жылдығы» еске алу кітабында жазба қалдырды.

Айта кетері, Мажарстандағы ұзақ қанды шайқастарда Кеңес Армиясы айтарлықтай шығынға ұшырады. Мажарстанды азат етілуі 195 күн мен түнге созылып, 140 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Мажарстанның аумағында нақтыланған мәліметтер бойынша: 826 кеңестік әскери қабір, 10 ескерткіш, 3 ескерткіш орын және 3 мемориалдық тақта орнатылатын орын – барлығы 842 нысан бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/972296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді