«Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Менің Отаныма – менің бастамам» Республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезенің қашықтық фоматта өткізді.

Іс-шара дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға, балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға, балаларды қосымша біліммен қамтуға ықпал етеді.

Байқауға облыстың 7 ауданы Астрахан, Зеренді, Жақсы, Сандықтау, Бұланды, Атбасар, Ерейментау аудандары, Көкшетау, Степногорск қалалары және Астана қаласының №2 «Дарын» мамандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Абай атындағы №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты, жалпы саны 36 жұмыс қабылданды.

Қазылар алқасы отырысының қорытындысына сәйкес, келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

«Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 11-17 жас)

1 орын – Амангелді Мерей, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

3 орын – Гончарова Кристина, Зеренді ауданы.

«Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –11-17 жас)

1 орын – Холодельщикова Анастасия, Сандықтау ауданы;

2 орын – Аманжол Аяжан, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

3 орын – Кихмет Каусар, Бұланды ауданы.

«Мен–Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 11-17 жас)

1 орын – Путятина Диана, Жақсы ауданы;

2 орын – Таксиди Ксения, Сандықтау ауданы;

3 орын – Тогтаргаж Альбина, Астрахан ауданы;

3 орын – Тилеухан Сырым, Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернаты.

«Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы – 11-17 жас)

1 орын – Сағатбекова Айғаным, Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;

2 орын – Алдыкова Айна, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты.

«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 11-17 жас)

1 орын – Калинина Злата, Атбасар ауданы;

2 орын – Осадчая Анастасия, Бұланды ауданы;

2 орын – Камалиден Ерасыл, Жақсы ауданы;

3 орын – Қабақбай Ұлжан, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

3 орын – Бауыржанұлы Мирас, Ерейментау ауданы.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 11-17 жас)

1 орын – Саркен Айғаным, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

2 орын – Пейзанг Елена, Сандықтау ауданы;

3 орын – Байкенова Сымбат, Атбасар ауданы.

«Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 11-17 жас)

1 орын – Рамазан Кәусар, Жақсы ауданы;

2 орын – Баянбай Әмина, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

3 орын – Дадаева Асма, Сандықтау ауданы.

«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 11-17 жас)

1 орын – Ануфриева Алена, Көкшетау қаласы;

2 орын – Шелега Ярослав, Сандықтау ауданы.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны туралы сертификаттар берілді. I дәрежеге ие болған  жеңімпаздар республикалық байқауға жолдама алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/971011?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді