
2025 жылғы 9 сәуірде әлеуметтік қорғау саласындағы стационарлық мекемелерге бірлескен мониторинг аяқталды — Омбудсменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А Ж. Байдуллина Комиссия құрамында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болды.
№3 ӘҚКО созылмалы психикалық аурулары бар 18 жастан асқан I және II топ мүгедектеріне арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Мониторинг барысында тұру жағдайлары, персонал жұмысы, санитарлық-гигиеналық ахуал, бос уақытты ұйымдастыру және медициналық, оңалту көмегінің қолжетімділігі зерделенді.
Қызмет алушылардың құқықтық қорғалуына, құпиялылық талаптарының сақталуына, персоналмен қарым-қатынас әдебіне және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Қорытындылар мен ұсыныстар 2025 жылғы 11 сәуірде өтетін Комиссия отырысында қаралатын ұсынымдар тізбесіне енгізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/974049?lang=kk

Жауап қалдыру