“Мұнай және газды барлау мен өндіру” бағыты бойынша кәсіптік біліктіліктерді жаңарту жөніндегі Жұмыс тобының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 7 сәуір – Мұнай-газ саласындағы біліктілік жүйесін жаңарту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

2025 жылғы 7 сәуірде «Мұнай және газды барлау мен өндіру» бағыты бойынша Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) мен Кәсіптік стандарттарды (КС) жаңарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов қатысты.

Өз сөзінде вице-министр мұнай-газ саласындағы кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі отырыс – біздің мұнай-газ саласындағы кәсіптік стандарттарды жетілдіру мен біліктілік жүйесін жаңартудағы маңызды кезең», – деп атап өтті Ә.Жамауов.

Отырыста Kazenergy қауымдастығының атқарушы директоры, Салалық кеңестің төрағасы Л. Ахмурзина жетекшілік ететін жұмыс тобының ақпан айында атқарған жұмысы туралы есеп ұсынылды. Талқылау қорытындысы бойынша Хаттама бекітіліп, нақты тапсырмалар берілді. Бұл саладағы өзара ынтымақтастық пен бірліктің нақты көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, вице-министр СБШ мен КС жаңарту жұмыстары 2025 жылға арналған Салалық кеңестің бекітілген жоспары аясында жалғасатынын айтты.

«Біз әрбір маманның еңбегін жоғары бағалаймыз және олардың жұмысының маңыздылығын жете түсінеміз», – деді вице-министр.

Отырыста, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, ҚР Энергетика министрлігі жанындағы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ мамандары қатысып, сөз сөйледі. ОЭКАТО СБШ-дағы деректердің жаңартуларын жұмыс тобының талқылауына ұсынды.
Вице-министр өз сөзінің соңында жұмыс тобы мүшелеріне, сала мамандарына алғыс айтып, алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970919?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді