
Ағымдағы жылдың 6 және 12 наурызында әкім аппаратының мамандары Буденное ауылында кітапханашы В. В. Перейммен бірлесіп “нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау”тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізді.
Іс-шаралар шеңберінде қатысушыларға есірткі құралдарын қолданудың жағымсыз салдары түсіндірілді, есірткіні тарату және сақтау үшін жауапкершілік мәселелері қаралды, сондай-ақ өз денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне баса назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-nezhin/press/news/details/971645?lang=kk

Жауап қалдыру