Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде білім беру ұйымдарының басшыларымен, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен, пән мұғалімдерімен және кәсіптік бағдар берушілермен 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің наурыз кезеңін өткізу қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында міндетті және бейіндік пәндер бойынша тестілеу нәтижелеріне талдамалық шолу ұсынылды, сондай-ақ түлектердің дайындық деңгейіне талдау жүргізілді.

Кеңеске қатысушылар білім алушылардың ҰБТ негізгі кезеңіне сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады. Білімдегі олқылықтарды анықтау және жою, педагогтарды әдістемелік қолдауды күшейту және оқушылармен кәсіптік бағдар беру бойынша жүйелі жұмысқа ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, түлектерді даярлау тиімділігін арттыру бойынша басым шаралар белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/973183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді