
Өз аулаңызды абаттандыруды қолдағыңыз келе ме немесе басқа бір ұнаған жобаны дауыс бергіңіз келсе төмендегі нұсқаулықты қолдансаңыз болады. «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ресми сайтына saryarka.astana.kz кіріп, тіркелу қажет.
Дауыс беру тәртібі:
- Сарыарқа ауданы әкімдігінің сайтына кіріңіз
- Оң жақ жоғарғы бұрыштан «Кіру» батырмасын басыңыз
- ЭЦҚ сертификатын немесе өзіңізге ыңғайлы басқа тәсілді таңдаңыз
- «Маңызды» → «Халық қатысатын бюджет – 2025» бөліміне өтіңіз
- Ұнаған жобаға «Дауыс беру» батырмасын басыңыз
Маңызды: Дауыс беруге тек Сарыарқа ауданының тұрғындары қатыса алады (тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар)
1 адам = 1 дауыс
Дауыс беру 2025 жылғы 24 сәуірге дейін жалғасады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/973369?lang=kk

Жауап қалдыру