
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Сұлтанұлының қатысуымен бүгін облыстағы өзекті мәселелердің бірі – автожолдар мен жарықтандыру жүйесінің жағдайы талқыланды.
Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев, сондай-ақ облыстық басқарма басшылары, Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшылары, республикалық ұлттық компания («ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ) директорының орынбасары, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы облысы бойынша филиалының директоры, қалалар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты.
Жиналғандар өңірдегі автожолдардың жағдайы мен жарықтандыру мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Қазіргі таңда кейбір аудан мен қалаларда жолдардың тозуы, жарықтандыру жүйелерінің дұрыс істемеуі тұрғындарға қиындықтар туғызып отыр.
Әсет Масабаев аталған мәселелерді шешу үшін облыс әкімдігі тарапынан жарықтандыру жүйелерін жаңғырту және автожолдарды жөндеу жұмыстары бойынша қажетті қаражат көздері қарастыратынын атап өтті.
Жиын қорытындысында, қатысушылар алдағы уақытта жолдар мен жарықтандыру мәселелерін шешуге бағытталған жоспарлар мен ұсыныстар бойынша облыстық мәслихат депутаттары және жергілікті атқарушы органдар бұл мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыстар атқаратынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/972918?lang=kk

Жауап қалдыру