
Маңғыстау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Кужиев “Отын-энергетикалық кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі төрағасы Қ. Қосшығұловпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында өңір жұмысшыларының толғандыратын өзекті мәселелер: еңбек құқықтарының сақталуы, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және басқа да маңызды тақырыптар талқыланды. Омбудсмен институты мен кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісімдерге қол жеткізіліп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/973992?lang=kk

Жауап қалдыру