
2025 жылдың 4 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б. Байхожаев Қызылорда облысының «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының оңалту орталығына» (бұдан әрі – Оңалту орталығы) Облыстық Маслихат депутаттарымен бірге барды.
Оңалту орталығының директорының сүйемелдеуімен келушілерді орталықпен таныстырып, жұмыс барысын көрсетті. Бару барысында Оңалту орталығының материалдық-техникалық базасымен танысып, орталық қызметкерлерімен кездесті.
Мүгедектігі бар адамдарды мүгедектерге арналған автобуспен қамтамасыз ету туралы мәселеге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ мониторинг аясында Б. Байхожаев ем алушылардың cанитарлық-гигиеналық жағдайлар, медициналық қызмет көрсету, тамақтану, сондай-ақ құқықтық көмек пен сыртқы әлеммен байланыс құқығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/970318?lang=kk

Жауап қалдыру