Өрт қауіпті маусым қарсаңында: “Іле-Алатау” МҰТП Түрген филиалында орман өрттерінің алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 8 сәуірде “Іле-Алатау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалында өрт қауіпті маусым қарсаңында орман өрттерінің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қатысуымен парк қызметкерлеріне арнап ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мамандар орман өрттерінің туындау себептері мен салдарын талқылап, ерекше қорғалатын табиғи аумақта жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Әсіресе құрғақ шөп пен бұта қалдықтарын тазалау, отты бақылаусыз жағуға жол бермеу және жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу секілді алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар таратылып, оқыту бейнематериалдары көрсетілді.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті еске салады: өрттің алдын алу — табиғатты сақтау мен адам өмірінің қауіпсіздігінің кепілі.

Алматы облысының ТЖД 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/973690?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді