
Жұмыс сапары барысында Павлодар аудандық маслихатының төрағасы Жанат Шұғаев Ольгинка және Новоямышево ауылдарының өрт қауіпті кезеңіне өрт сөндіру бекеттері мен санитарлық тазарту және дайындау айлығын өткізу барысымен танысты.
Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, Новоямышево ауылындағы төрт көшенің жөндеу барысымен танысты. Мердігер «ИНэк» Қазақстан ЖШС осы көшелерді қысқа мерзімде сапалы түрде асфальт төсеуге міндеттенеді.
Бұл көшелердің тұрғындары ауылдарды абаттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға ризашылықтарын білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/973473?lang=kk

Жауап қалдыру