Қала әкімі инспекторлармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовтың төрағалығымен жауапты учаскелік инспекторлармен кездесу өтті. Жиналыс барысында қала тазалығы, абаттандыру жұмыстары және санитарлық жағдайды бақылау мәселелері талқыланды.

Кездесуде қала әкімі инспекторлардың атқаратын рөлінің маңыздылығына тоқталып, тазалық сақтау – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барша тұрғындардың белсенділігін қажет ететін ортақ іс екенін атап өтті.

«Облыс әкімінің үндеуінен кейін жұмыла сенбілікке шықтық. Қаламызды таза ұстау туралы әрқашан айтып келемін. Осы орайда инспекторлар өздеріне тиесілі аудан мен кенттердегі тазалық пен тәртіпті қатаң бақылауда ұстаулары қажет», – деді Талғат Мұратов.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Үздік аудан», «Үздік ауыл», «Үздік аула», «Үздік университет», «Үздік колледж», «Үздік мектеп», «Үздік балабақша», «Үздік көше» және «Үздік мекеме» номинациялары бойынша белсенді азаматтар мен ұйымдар анықталатын болады.

Қала әкімі тазалық мәдениетін қалыптастыруда әрбір инспектордың жауапкершілігі жоғары екенін баса айтып, тұрғындармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/972888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді