Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 10 сәуірінде қалалық мәслихаттың кезекті XXV сессиясында салық салу базасын кеңейту бойынша берілген тапсырмалардың орындалысы және қаланы абаттандыру, көгалдандыру және безендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдау үшін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста Приозерск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ерболат Болатұлы 2025–2027 жылдарға арналған Приозерск қаласының аумағында салық салынатын базаны кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын таныстырды. Қаламызда 105 заңды тұлға мен 799 жеке кәсіпкер тіркелген, оның ішінде 30 кәсіпкерлік субъектісі уақытша тоқтатылған, 17 кәсіпкер ұзақ уақыт бойы нөлдік көрсеткіш бойынша салық есептілігін көрсеткен. Мәслихат депутаттары ұзақ уақыт бойы нөлдік көрсеткіш бойынша салық есептілігін көрсеткен 17 кәсіпкердің қызметін жабу, уақытша тоқтату немесе жандандыру туралы жұмыстар жүргізуді және қаланың салық базасын арттыру бойынша қала кәсіпкерлерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізуді ұсынды.
Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және безендіру бойынша Приозерск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдын Қайратұлының және мәдени демалыс орталығының маманы Ақниет Нартайұлының есептері тыңдалды. 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша есеп беріп, 2025 жылғы жоспармен бөлісті. Биыл 300 көшет сатып алынған, келесі аптада көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Барлық суару жүйелері толығымен дайын. Мәслихат депутаттары туристтік маусымның басталуына байланысты қаламыздың тазалығын сақтау бойынша жұмыстар жүргізуді атап өтті. Экосарбаз, Жасыл ел және мәдени демалыс орталығы мамандарын қаланы тазалауда жұмыс күштерін тиімді пайдалану және жұмысын жоспарлауды қолға алуды тапсырды. Шөп шабу бойынша, тазалыққа жауапты басқа да мердігерлермен жұмысты жандандыру, балалар ойын алаңын тұрақты түрде тазалау жұмыстарына көңіл бөлуді, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жиналған қоқыстарды уақытылы шығарылуын қадағалауды және сенбілікке қала тұрғындарының қатысуын ұйымдастыруды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/974522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді