Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 сәуірде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Сергей Николаевич Перовтың қатысуымен брифинг өтті.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы басты бағдар болып белгіленді.

Түрлі құралдар арқылы алдын алу тетігін іске асыра отырып, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаулар жүргізіле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қарағанды облысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді.

Мысалы, агроөнеркәсіп саласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге салықтарды заңсыз қосымша есептеу жағдайлары алдын алды. Мемлекеттік кірістер органдары ветеринариялық анықтамалар мен статистикаға сүйене отырып, кірісті қате анықтап, салықтарды қосымша есептеді. Департаменттің араласуының арқасында 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Балқаш қаласында жылу желілерін жөндеуге арналған сметада 270 млн теңге сомасында негізсіз шығыстар анықталды. Департаменттің ұсынысы бойынша құжаттама қайта есептелді, ал үнемделген қаражат жұмыс көлемін 5,8 км — ден 7,3 км-ге дейін арттыруға бағытталды, бұл қосымша 80 жеке, 5 көппәтерлі үй мен 2 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік сатып алуды талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу порталында бағаны көтеру фактілері анықталды. Тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына сатып алу бағаларын қайта қарау бойынша ұсыныстар берілді. Жалпы үнемдеу 2025 жылдың I тоқсанында 648,8 млн теңгені құрады. Бұл біздің облыс тұрғындарының проблемалық мәселелерін шешудегі оң динамиканы көрсететін кейбір мысалдар ғана.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/973950?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді