
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-мен облыс аумағында салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізілуде.
«Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру» ҚР ҚН 1.03-00-2022 сәйкес, құрылысты жүзеге асыратын мердігер (бас мердігер) қала аумағына шығатын құрылыс алаңын көлік құралдарының дөңгелектерін тазалау немесе жуу пункттерімен, сондай – ақ қоқыс жинауға арналған құрылғылармен немесе бункерлермен, ал желілік объектілерде-жергілікті атқарушы органдар көрсеткен орындармен жабдықтайды.
Мониторинг шеңберінде дөңгелектерді тазалау немесе жуу пункттерінің болмауы, сондай-ақ лас дөңгелектері бар көлік құралдарының құрылыс алаңының аумағынан шығу фактілері анықталды.
Аталған фактілер бойынша материалдар шаралар қабылдау үшін Қарағанды қаласының полиция Басқармасына жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask/press/news/details/972081?lang=kk

Жауап қалдыру