Қазақстан мен Тәжікстан атқарушылық өндіріс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде ТәжікстанРеспубликасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі делегациясымен кездесу өтті.

Сапардың басты мақсаты Тәжікстанөкілдерін қазақстандық атқарушылық құжаттарды орындау жүйесімен, соның ішінде жеке сот орындаушыларының қызметімен және осы салада цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен таныстыру өтті.

Кездесу барысында Тәжікстан өкілдері Қазақстандағы мәжбүрлеп орындату тәжірибесімен және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысы туралы толық таныстырылды.

Тараптар  атқарушылық өндіріс саласындағы заманауи сын-тегеуріндерді талқылап, құқық қолдану тәжірибесімен және орындау рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен алмасты.

Тәжік делегациясы қабылдаушы тарапқа ашықтық пен табысты ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығынатап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚазақстанРеспубликасы Әділет министрлігі мен Тәжікстан РеспубликасыҮкіметі жанындағыАтқару қызметі арасында екіжақты диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл 2024 жылғы тамызда қол қойылған атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберіндегі бірлескен бастамаларды жалғастыруға бағытталған. Бастамалар екі елде атқарушылықіс жүргізу жүйелерін жетілдіруге бағытталған.

  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kpi/press/news/details/972905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді