Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шахмат бойынша “Senat Open” ашық кубогының іріктеу турнирі өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 4 сәуірде Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шахмат бойынша “Senat Open” ашық кубогының іріктеу турнирі өткізілді.

Іріктеу турниріне облыс, қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттары, өңірлік қоғамдық кеңестердің қазіргі мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, аудандық, қалалық облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.  Достық үйінің  үлкен залында шахмат тақталарында 120-дан астам адам кездесу өткізді.

Біздің аудан атынан іріктеу турнирінде төрт адам қатысты. Турнир Швейцария жүйесі бойынша ФИДЕ ережелері бойынша өткізілді. Жарыс барысында әр қатысушы қарсыластарымен 9 партия бойынша ойын өткізді.

Ойындардың қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздарына санаттар бойынша медальдар мен грамоталар табыс етілді, сондай-ақ осы жазда Семей қаласында өтетін турнирдің келесі кезеңінің қатысушылары іріктелді.  “Senat Open” турнирінің жартылай финалында облысымыздың атынан өнер көрсету құрметіне ие болған «Бұқар жырау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, жерлесіміз Омаржанов Зүлкәфл Амантайұлын құттықтаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/970775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді